Атырау бассейініндегі трагедия: қыздың жүрегі тоқтап қалған

Атырау бассейініндегі трагедия: қыздың жүрегі тоқтап қалған Сурет: freepik
"Мұнайшы" орталық жүзу бассейні су спорты клубы директорының орынбасары Ернұр Қойлиев 10 жасар қызбен болған қайғылы оқиға қыздың жүрегінің тоқтап қалуымен байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл бассейнде мұндай трагедия бірінші рет болып отыр.

"Олар төртеу болып келді. Екі ересек адам және екі бала. Олардың барлығы туыстар. Балалар басында балаларға арналған бассейнде жүрді, артынша ересектермен еріп үлкен бассейнге ауысты. Қайғылы сәтте бассейнде құтқарушылар жүрді, алайда балалар ересектердің қарауында болғандықтан, тек жалпыламай көз жүгіртеді. Ер адам жуыну бөлмесіне кеткенде қыз бассейнде қалған. Осы кезде өзі жүзіп жүрген тақтаны жіберіп алған. Әпкесі бұл уақытта екінші баламен жүріп, байқамаған. Шамамен 10 секундтан кейін байқап, судан өзі шығарып алған. Оған көмек көрсетуге, жасанды тыныс алдыруға тырысқанда, оның иегі қатып қалып, алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндік бермеді",- деді Қойлиев.

Оның айтуынша, артынша қызды дереу медпунктке апарған, бірақ ол жерде бәрі бекер болды. Жедел жәрдем де шақырдық, олар қыздың қайтыс болғанын айтты. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, қыздың өкпесінде су табылған жоқ, өлімнің себебі жүректің тоқтауы болды.

"Біз қайтыс болған қыздың отбасында болдық. Көңіл айттық. Біз барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Мұндай оқиға біздің бассейнде болғанын өте өкінішті. Қазір ол жабық, тергеу жұмыстары жүргізілуде. не болғаны бізге өте қиын. Қазір ол жабық, біз тергеумен ынтымақтасамыз. Бассейнде 1200 – ден астам бала оқыды, қазір барлық абономенттер тоқтатылды", - деді ол.

Бұған дейін Қарағанды облысы Нұра өзенінде екі қыздың суға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

34 көлік, пәтер, пентхаус пен үй тәркіленді: 290 қазақстандықты миллиардтаған теңгеге алдап кетті

Қазақстанда орташа жалақы қаншаға көтерілгені белгілі болды

Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер қаншадан сатылады

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне қатысты түпкілікті шешім қабылданды