Алматыда BMW жүргізушісі жолда бұзылып тұрған Nissan көлігін жөндеп жатқан екі адамды қағып кетті

Сурет: Zakon.kz
Алматыда Абай даңғылының қиылысы мен Саин көшесінің солтүстік бағытында апат болды. ЖКО-ның бір қатысушысы қаза тауып, екіншісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саин көшесінің бойында солтүстік бағытта, сол жақ қатарда Nissan Mistral джипі бұзылып, оның жүргізушісі техникалық ақауларды жойды. Көлік домкратта тұрды, ал жүргізуші мен оның жолаушысы артқы дөңгелегін ауыстырды.

Әзірге белгісіз себептермен BMW жүргізушісі (болжам бойынша бәлкім оларды байқамады, әлде көлік жөнделіп жатқанын кеш түсінді ме белгісіз) джипке соғылып, адамдарды қағып кетті. Оларды бірнеше метрге дейін ұшырып жіберген. Нәтижесінде Nissan Mistral жүргізушісі, 1976 жылы туған ер адам сол жерде қайтыс болды, ал оның жолаушысы ауруханаға түсті.

Саин көшесінде кептеліс пайда болды.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін бірнеше сағат бұрын Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, бір адам мерт болды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды