ҚазҰУ аумағындағы жасөспірімнің өлімі: сараптама қорытындысы

Сурет: Zakon.kz
23 шілдеде Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағындағы субұрқақта қаза тапқан жасөспірімнің өлімінің себебі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK мәліметінше, оңтүстік-шығыс өңіраралық сот сараптамасы орталығының мамандары бозбала суға тұншығып өлді деген тоқтамға келген.

Сарапшының айтуынша, 17 жастағы жігіттің суға түскен кезде тыныс алу жолдары жабылып қалған. Содан туындаған механикалық асфексиядан көз жұмды, дейді мамандар. Мұны зертханадағы тексеріс растап отыр.

Сондай-ақ сарапшы жас жігітті электр тоғының соққан-соқпағанын анықтау мүмкін еместігін түсіндірді.

"Өлім суға батқанда тыныс алу жолдарын су жауып қалып, соның салдарынан туындаған механикалық асфиксиядан болған". Миржан Байсадықов, Оңтүстік-Шығыс өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары

Еске салсақ, қайғылы оқиға 19 маусым күні болған. 17 жастағы мектеп түлегі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ҰБТ тапсыруға келген. Селфи жасамақ болған жігіт субұрқаққа құлап, оқиға орнында мерт болды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады