Петропавл тұрғындары бірнеше күн жарықсыз қалады

Сурет: pkzsk.info
Петропавл қаласының орталығындағы алты бес қабатты үйдің тұрғындары бірнеше күн бойы электр қуатынсыз қалады, деп хабарлайды, Zakon.kz.

Петропавловск.news мәліметінше, бұл Абай және Назарбаев көшелеріндегі үйлердің тұрғындарына қатысты. 22 шілдеде болған қатты жаңбырдан кейін олардың үйлерінің жертөлелері суға тола бастаған. Осыған байланысты 23 шілдеде сағат 11:00-де электр тогының соғуын болдырмас үшін электр қуатын өшірді.

Сурет: pkzsk.info

24 шілдеде Абай көшесіндегі №47 үйдің тұрғындары суға арналған костюмдердің көмегімен жертөлеге кіріп, су деңгейін өз беттерінше өлшеді. Түскі ас кезінде ол 145 см болды, кешке қарай да жағдай өзгеріссіз қалды.

Сурет: pkzsk.info

Бірінші қабаттардағы пәтерлерде едендер көтеріліп кеткен. Сондай-ақ, тұрғындар тұрып қалған судың жағымсыз иісінің әсерінен тәулік бойы терезелерді ашуға тура келетінін айтты. Осыған қарамастан олар үйді паналауға мәжбүр болып отыр. Себебі, көбінің басқа барар жері жоқ.

Сурет: pkzsk.info

Мүмкіндігі бар адамдар, тоңазтқыштағы ет пен өзге де өнімдерді бұзылудан сақтау үшін таныстары мен туыстарына тасып жатыр.

ПИК төрағасы Ирина Яуфман су басқан жертөлелердегі жағдай құбырлар ретке келтірілгенге дейін әр жауын-шашын бойы қайталанатынын айтты.

Сурет: pkzsk.info

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

QazVac авторы мен медицина саласының сарапшылары Ақтөбеде болашақ дәрігерлермен ұлттық құндылықтарды талқылады