Алматыда көшедегі шұңқырдан айналып өтпек болған автокөлік иесі апатқа ұшырады - 5 адам зардап шекті

Сурет: Zakon.kz
Бағанашыл ауданында Жәңгір хан көшесімен Мамыр көшесіне жетпейтін аралықта Infiniti QX50 автокөлігінің қатысуымен апат болды. ЖКО салдарынан жүргізуші мен оның жолаушылары зардап шекті, қазір олар ауруханада, деп хабарлайды Zakon.kz.

Infiniti автокөлігі Жәңгір хан көшесімен батыс бағытта жүрген. Жүргізушінің айтуынша, бұл жолмен ол бірінші рет өтіп тұр, сол себептен де үлкен шұңқырды кеш көрген. Ол оны айналып өтуге тырысқан сәтте, рульге ие бола алмай қалған.

Сурет: Zakon.kz

Басқарылмайтын көлік жол бойымен ондаған метр жүріп, қарсы беттегі қабырға тірегіне соқтығысқан, артынша қайта кері ұшып кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

ЖКО салдарынан автокөлік жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы зардап шеккен. Қазір барлығы ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында жол полициясы, оқиғаны тіркеумен айналысты.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы аумақта көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылуына қатысты

Елена Рыбакина Цинциннати турнирін жеңіспен бастады

Астана – Щучинск тасжолында жүргізуші рөлде ұйықтап кетіп, жол апатына түсті