Алматыдағы Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы аумақта көлік қозғалысына шектеу қойылады

Алматыда туннель мен жолайырыққа бұрылатын жолдар бір тәулікке жөндеуге жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2024 10:40 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда туннель мен жолайырыққа бұрылатын жолдар бір тәулікке жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы аумақта орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

30 шілде сағат 23:00-ден 31 шілде сағат 23:00-ге дейін Биянху көшесінен туннельдің соңына дейін оңтүстік бағытта Солтүстік айналма көшесінде, шығыс бағытта Рысқұлов даңғылынан жолайырыққа бұрылатын жолда және батыс бағытта Кудерин көшесіндегі жолайырыққа бұрылатын жолда көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Бұл аумақты Биянху және Соқпақбаев көшелерімен айналып өтуге болады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: