Алматының төменгі бөлігіндегі тағы бірнеше жол учаскесі бір тәулікке жабылады

Алматының төменгі бөлігіндегі тағы бірнеше жол учаскесі бір тәулікке жабылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2024 14:20 Сурет: Zakon.kz
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты бір тәулікке туннель мен жолайрығының съездері жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рысқұлов-Кудерин жолайрығының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі. 

"Мәселен, 28 шілдеде сағат 23.00-ден 29 шілдеде 23.00-ге дейін қозғалыс Кудерин көшесі бойымен Сахалинская көшесінен тоннельдің соңына дейін толығымен жабылады, Рысқұлов даңғылынан батыс бағытта съезд, шығыс бағытта Солтүстік айналма көшесіне съезд, оңтүстік бағытта бұрылыс". Алматы әкімдігі

Айналма жол Москвин, Сахалинская, Крылов және Бөкейханов көшелерімен қамтамасыз етіледі

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: