Алматыда бір күнде екі жол учаскесі жабылады
Сурет: pexels
Алматыда жол жөндеу жұмыстарына байланысты Центральная және Талды көшелерінің учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Центральная және Талды көшелерінің учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты уақытша қозғалыс шектеуі енгізіледі.
Осыған байланысты 21 мамыр сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген тақта орнатылады.
Осыған орай жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Бұған дейін Алматыда ескі жылу желілерін жаңарту жұмыстарына байланысты 2,5 айға жол учаскесі жабылатыны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
