Алматыда ескі жылу желілерін жаңарту жұмыстарына байланысты 2,5 айға жол учаскесі жабылады

Ремонт тепловых сетей, ремонт теплосетей, ремонт системы водоснабжения, теплосеть, ремонтные работы, трубы для теплосетей, прокладка тепловых сетей, прокладка тепловых сетей, прокладка труб, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2026 17:58 Фото: Zakon.kz
Алматыда 30 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жылу желілерін жаңарту жұмыстарына байланысты Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2,5 айға шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы жылу желілері" ЖШС мәліметінше, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Әуезов ауданында 1991 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 300 метр болатын жылу трассасын жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты Мамыр шағын ауданындағы Рабиға Сыздық көшесінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі:

  • 2026 жылы 21 мамыр мен 31 шілде аралығында — Мамыр-2 шағын ауданындағы №12 үйден бастап аула аумағы арқылы Мамыр-3 шағын ауданындағы №25 үйге дейінгі аралықта;
  • 2026 жылы 26 мамыр мен 31 шілде аралығында — Бауыржан Момышұлы көшесінен Мамыр-1 шағын ауданындағы №12 үйге дейінгі учаскеде.

Аталған кезеңде көлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі. Бұл жол астындағы құбыр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында қолға алынған.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Жол жабылады, Алматы, Рабиға Сыздық, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2026 17:58

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

"Қайта жаңарту жұмыстары барысында тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды. Аталған жылу желісі 160 көпқабатты тұрғын үйді, 3 балабақшаны, 5 мектепті, 1 денсаулық сақтау мекемесін және 26 өзге де нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етеді", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: