Алматыда көше қиылыстарының бірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Алматыда көше қиылыстарының біріне көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 18:00 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда төрт күнге Ангар, Мақатаев және Палладин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда 11 тамыз 22.00-ден 14 тамыз 6.00 аралығында Жетісу ауданындағы Ангар, Мақатаев және Палладин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.

"Уақытша шектеулер магистральдық құбыр учаскесіндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты енгізіліп отыр"."Алматы жылу желілері" ЖШС.

Компания Алматы тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Бұған дейін Алматыдағы Абай және әл-Фараби даңғылдарындағы жөндеу мерзімінен бұрын аяқталатыны белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: