Алматыда көше қиылыстарының бірінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Сурет: pixabay
Алматыда төрт күнге Ангарская, Мақатаева және Палладин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 11 тамызда сағат 22.00-ден 14 тамызда сағат 6.00-ге дейін Алматы қаласының Жетісу ауданында Ангарская, Мақатаев және Палладин көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысынің жүрісі жабылады.
Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыр учаскесіне жоспарлы жұмыстар жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
"Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруды сұраймыз." "Алматы жылу жүйесі" ЖШС
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript