Апат туралы ақпаратен куәгерлер бөлісті.
Сурет: Zakon.kz/Ерлан Жунисулы
"Менің үйімнің жанында жантүршігерлік апат болды. Үлкен полиция автобусы қиылыста жеңіл көлікті соғып кетті. Бір минуттан кейін көліктің жанында көп болған полицейлердің айтуынша, жігіт бағдаршамның жыпылықтаған "сары" түсінде қиылысын аяқтаған. Ал, автобус уақытынан сәл ертерек қозғалған. Жігіттің қан-жоса болса да, тірі қалғаны қуантады",- деп жазды Евгений Мухамеджанов Facebook-тегі парақшасында.
Тағы бір куәгердің айтуынша, бір адам ми жарақатымен ауруханаға жатқызылған.
Алматы полиция департаментінде ЖКО туралы түсініктеме берілді.
"Бүгін таңғы сағат 07:40-та Қабанбай батыр мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында орын алған мамандандырылған күзет қызметі Басқармасының қызметтік көлігінің қатысуымен болған ЖКО фактісі бойынша тергеу басталды. Апат салдарынан Suzuki маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол қаланың ауруханаларының біріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының басқа да жағдайлары анықталуда", — делінген түсініктемеде.
30 шілде күні Алматыда көшедегі шұңқырдан айналып өтпек болған автокөлік иесі апатқа ұшырады — 5 адам зардап шекті.