Астанада арнайы техника тиелген жартылай тіркеме ЛРТ-ға соғылды: үш жаяу жүргінші зардап шекті

Сурет: Астана ПД
Астанала арнайы техника тиелген SHACMAN тралы 8 тамызда ЛРТ тірегіне соғылды, үш жаяу жүргінші зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық полиция департаменті оқиға Қабанбай батыр мен Ұлы Дала қиылысында орын алғанын нақтылады.

"Арнайы техника тиелген Shacman (трал) жүргізушісі габариттерін есептемей, ЛРТ конструкциясын бұзды. Оқиға салдарынан жолдың шетінде жүрген үш жаяу жүргінші зардап шекті", – деді полиция.

Ведомство зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілгенін айтты. Бұл факт бойынша тексеру жұмыстары басталып кетті.

Сондай-ақ, Астана әуежайындағы Air Astana ұшағының зақымдану сәті видеоға түсіп қалған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін