Астана әуежайындағы Air Astana ұшағының зақымдану сәті видеоға түсіп қалған

Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2024 09:16 Фото: Zakon.kz
Желіде 8 тамыз күні Air Astana авиакомпаниясының Астана әуежайындағы ұшағы қалай зақымданғаны туралы бейне таратылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрларда қатты жел контейнерді ұшырып, ұшаққа соғылғанын көруге болады.

Жағдай елордадағы ауа-райының күрт нашарлауына, атап айтқанда бұршақпен қатар болған қатты екпінді желге байланысты орын алды. Кейінірек Air Astana әуекомпаниясы Астана – Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсі жақын арада ұшатындығын мәлімдеді.

Бір апта ішінде елордалық әуежайда екі әуе кемесіне зақым келді. Бірінші жағдайда — SCAT әуекомпаниясы, екінші жағдайда – FlyArystan. Болған жағдайға байланысты екі авиакомпания да теріс қаржылық зардаптарды, сондай-ақ рейстердің кешігуін жариялады.

Азаматтық авиация комитеті 7 тамызда Астана әуежайы ұшақтардың зақымдануынан кейін тексерілетінін хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: