Бұршақ пен жел: Астана әуежайында Air Astana ұшағына зақым келді
Сурет: Zakon.kz
8 тамызда бұршақ жауып, қатты желдің салдарынан Астана әуежайында Air Astana ұшағына зақым келді, деп хабарлайды Zakon.kz .
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдай күннің күрт нашарлауынан (бұршақ, екпіні күшті жел) болған.
"Зардап шеккендер жоқ, ұшаққа жанармай құйылып жатыр және жақын арада ұшады. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Кейінірек әуекомпанияның баспасөз қызметі 8 тамызда Астана-Атырау бағыты бойынша КС 983 рейсін орындауға жоспарланған ұшақ қатты жел кезінде елордалық әуежайда контейнердің соққысынан зақымданғанын хабарлады.
"Ұшақты ауыстыруға байланысты рейс әзірше екі сағатқа кешіктірілді". Air Astana
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
