Air Astana әуе компаниясының бес рейсі Шымкент әуежайында кідіруге мәжбүр

Рейстердің кешігуі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 22:20 Сурет: Air Astana
Air Astana әуе компаниясына тиесілі бес рейс бүгін - 26 қазанда Шымкент қаласының әуежайында кідіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған ауа райының қолайсыздығы себеп (қатты жел), деп түсіндірді әуе компанияның баспасөз қызметі.

Уақытынан кешіккен рейстер:

KC969 / 970 Алматы - Шымкент - Алматы

KC321 / 322 Астана - Шымкент - Астана

KС971 / Kc972 Алматы - Шымкент - Алматы

KC7227 / 228 Атырау - Шымкент - Атырау

KC7325 / 7326 Астана - Шымкент - Астана

Аталған рейстер бүгін, 26 қазанда сағат 22:00-ден 23:30-ға дейін бір-бірлеп қажетті бағытта әуеге көтеріледі деп жоспарланған. Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: