ДДҰ: жәндіктер арқылы таралатын вирус туристерге қауіп төндіреді

Сурет: pixabay
Әлемде жәндіктердің шағуы арқылы таралатын Оропуш безгегі кең таралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Global News мәліметінше, Оропуш безгегі шыбын-шіркей мен масалар арқылы таралатын, салдары өлімге әкелуі мүмкін зооноздық ауру. Оның кең таралуы жайлы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағуда.

Бүгінгі күні Зика мен Денге сияқты аурулардың бір тобына жататын вирусқа қарсы вакцина жоқ.

Вирус жыл сайын орталық және оңтүстік Америкада таралды, бірақ биыл ол Куба, Италия және Испания сияқты жаңа жерлерге де қанат жайған.

25 шілдеде Оропуш безгегімен байланысты алғашқы өлім тіркелді. Зардап шеккендер ешқандай созылмалы аурулары жоқ екі жас бразилиялық әйел болды.

ДДҰ вирустың Куба сияқты танымал туристік бағыттарда таралуы туристер үшін қауіпті екенін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды