Қазақстандағы қауіпті трассалардың бірі ерекше бақылауға алынбақ

Фото: unsplash
Жақында ғана 12 адам қаза тапқан Самара – Шымкент тас жолындағы жағдайды Ақтөбе облысының полицейлері ерекше бақылауға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының ақпараты бойынша, ЖКО жиі орын алатын аумақ пен уақыт аралығы, сондай-ақ көлік қарқындылығы қай кезеңде басым болатындығы анықталды.

"Осыған байланысты 8-ден 11 аралығында және 15-тен 18-ге дейін Самара-Шымкент автожолының 965-ші шақырымы, Қарабұтақ кентінен Ақтөбе қаласына дейін сүйемелдеу ұйымдастырылады". Ақтөбе облысы ПД басқармасының бастығы Айдос Құлжанов

Телеарнаның мәліметінше, тәулігіне Самара – Шымкент тас жолымен 16 мыңнан астам көлік өтеді, бірақ жолдың жай-күйі аса көңіл көншітпейді. Ол 20 жыл бойы жөнделмеген.

13 тамызда Павлодарда ЖКО кезінде балалар зардап шекті.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз