Сотпен айыпталуышының сайттың көмегімен қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді Bitcoin, Litecoin және Ethereum сатып алу және сату үшін пайдаланғаны анықталды.
"Сотталушы Nixmoney, Qiwi, Perfect Money, Payеer, ADVCASH Qiwi, Zolotaya Korona, Contact, VISA/Mastercard шетелдік төлем жүйелерінің платформаларында қолма-қол емес шетел валютасын (АҚШ доллары, рубль) заңсыз айналымнан және айырбастаудан заңсыз кіріс алған. Оған 2 миллиард теңгеден астам кіріс түскен. Кейіннен сотталушы оларды жылжымайтын мүлікті сатып алу және одан әрі сату және жалға беру арқылы заңдастырған",- делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.
Сотталушы өз кінәсін мойындамай, азаматтық талапты мойындамады.
"Сот алқасы сотталушыға Қылмыстық кодекстің 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша (Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату) және ҚК-нің 214-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшердегі кірісті заңсыз жолмен алу арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу) мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазаға үкім шығарды". ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметі
Оған 10 жыл мерзімге цифрлық активтерді шығаруға және сатуға және цифрлық майнингке тыйым салынады.
Қылмыстық әрекет нәтижесінде алынған 2 миллиард теңгеден астам кіріс сотталушыдан мемлекетке өндірілді.
Сотталушы сот залында қамауға алынды.