Балқашта демалыс орындарының бірінде жаппай улану фактісі тіркелді

Сурет: Zakon.kz
Балқаш және Қарағанды санэпидемиологтары демалыс аймақтарының бірінде болған жаппай улану жағдайларын тергеуді бастады. Полиция да аталған жайтты назарға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта 18 адам емделуде, барлығы 29 адам ауруханаға көмекке жүгінген.

"Балқаш қаласының "Досжан" отбасылық пансионатының демалушылары арасында жіті ішек инфекциясын тіркелді. 16 тамызда жіті ішек инфекциясы бойынша күдікті 29 адам медициналық көмекке жүгінді, оның 18-і стационарлық жағдайда емделуге жіберілді", деп Ekaraganda.kz басылымы облыстық СЭБД жауабын келтіреді. 

Мамандар эпидемияға қарсы іс-шараларды бастағанын, оқиға орнында зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылғанын, оның ішінде науқастар арасында сауалнама жүргізілгені де нақтыланады.

Қарағанды облысының санэпидбақылау департаменті қызметкерлерінің арасынан бригада құрылып, Балқашқа жолдау жүзеге асырылды. Зертханалық зерттеулер негізінде тергеу басталды. Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материалдар Балқаш полиция бөліміне берілді.

Қарағанды облысының полиция департаменті жаппай улану фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 304-бабы, 1-бөлігі, "Абайсызда жаппай ауруға, инфекцияға, сәулеленуге немесе улануға әкеліп соққан санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.  

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек