Заңсыз алтын өндірумен айналысқан Қазақстан, Украина және Ресей азаматтарының ісі сотқа жолданды

Фото: pexels
Трансұлттық қылмыстық топ құрды деп айыпталған күдіктілер Ақмола облысында сотталатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас көлік прокуратурасының ақпаратынша, Ақмола облысында 2021-2023 жылдар аралығында бағалы металдарды заңсыз өндірген трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінген 12 адамға — Қазақстан, Украина және Ресей азаматтарына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Жалпы шығын мөлшері 250 миллион теңгеден асты.


"Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыстық топ "жер қойнауын геологиялық зерттеуге" лицензиясын алып, заңсыз алтын өндірумен айналысқан",- деп хабарлады прокуратура.

Көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.

19 тамызда Қызылордада "синтетика" таратқан ер адам 10 жылға сотталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды