Оқиға Алматы облысында болған. Азапталған иттің кадрлары жұртшылықтың наразылығын тудырды.
Бұл әрекет өңір полициясының назарына ілікті.
"Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында ер адамның итті көлікке байлап, сүйреп бара жатқан жантүршігерлік фактісі анықталды.Жедел-іздестіру іс-шаралар барысында Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері 28 жастағы ер адамды анықтап, полицияға жеткізді. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды".Алматы облыстық ПБ
ҚР ҚК-нің 316-бабына сәйкес, 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
Бұған дейін ШҚО полицейлерінің әккі пәтер ұрысын ұстағаны хабарланды.