Ақтөбе облысында көлікте тірідей өртеніп кеткен қыздың өлімі туралы тың мәліметтер белгілі болды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысының Дөң ауылында көлік ішінде тірідей өртеніп кеткен қыздың өлімінің егжей-тегжейі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 28 тамызында ауылдық округ әкімдігінің ақпаратынша, қайтыс болған қыздың анасы мектепте мұғалім, әкесі – жергілікті кен орнында қызмет атқарады. 

"Диапазон" жазғандай, отбасында үш бала болған. Үлкені жақында үйленді, екінші ұлы мектеп оқушысы, ал 10 жасар қыз ауруына байланысты үйде оқыды.

Сол күні ата-аналар Хромтаудан келіп, көлікті аулаға қойып, үйлеріне кірген. Ал, қыз ойнауға көшеге шыққан. Біраз уақыттан кейін көршілер көліктің өртеніп жатқанын хабарлады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін қызыл жалынды олар өз беттерінше сөндірген.

Көлік сөндірілгенде, оның ішінен қыздың мәйіті табылды. Сонда ғана қыздың ойнауға кетпегені, көлікте отырғаны белгілі болды.

Қайғылы оқиға 27 тамызда болды. Аулада ВАЗ көлігі өздігінен өртеніп кеткен, ал оның ішінде бұл уақытта 10 жасар қыз болған. 

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі