Арыста әскери қызметкер өзіне оқ атып, өмірімен қоштаспақ болды

Фото: Zakon.kz
Арыста келісімшарт бойынша жұмыс атқарып жүрген әскери қызметкер бас жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болған оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерден белгілі болды.

Дәрігерлердің айтуынша, ол өзіне қол салмақ болған.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі бұл фактіні растады.


"16 қыркүйекте тәуліктік кезекшілікті атқару кезінде Арыс гарнизоны әскери бөлімдері бірінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі травматикалық қарудан басынан жарақат алды. Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал аясында өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта денсаулық жағдайы тұрақты-ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматының Түрксіб ауданында орналасқан Құрлық әскерлері әскери институтында 44 жастағы әскери қызметкер өлі табылғаны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі