Ақтөбе облысында тоғыз жасар бала әткеншектен құлап, мерт болды

Сурет: pixabay
Ақтөбе қаласы маңындағы Есет батыр ауданында тоғыз жасар бала ойын алаңында болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" өңірлік порталы аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 306-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ("қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету") қолға алынғанын облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқыс оқиға 18 қыркүйекте кешке болды. Желіде жарияланған видеоға сәйкес, әткеншек теуіп отырған бала кенеттен ұшып, жерге құлайды. 

"Сағат 19: 09-да оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келді. Бала ес-түссіз болды, көршілері дәрігерлер келгенге дейін оған жанама түрде жүрек тұсына массаж жасап көрді", - деп хабарлады Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем мамандары реанимациялық шараларға бірден кірісті, ол 30 минутқа созылды, бірақ дәрігерлер қанша тырысқанымен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Сағат 19:41-де ми жұмысының тоқтауы тіркелді. Балаға ашық ми жарақаты, бас сүйектің сынуы, мойын омыртқасының жабық сынығы, қабырғаның сынуы сипатында диагноз қойылды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді