"Мой город" порталының мәліметінше, ер адам 16 қыркүйекте ауруханаға жатқызылып, саусақ ампутациясы бойынша отаға дайындалып жатқан. Бірақ ол жеделсаты шахтасына құлап, қазір Оралдағы көпсалалы ауруханадан бір-ақ шыққан. Оның жағдайы ауыр деп бағаланады. Бұл туралы жәбірленушінің туыстары дабыл қақты.
"Виктор ота жасау үшін аудандық ауруханаға, хирургия бөліміне жатқызылды. Екі күннен кейін ол басқа науқастармен бірге темекі шегу үшін есік алдына шыққан. Палатаға кері ораларда демікпесі болғандықтан, жеделсатымен жоғарыға көтерілуді жөн көреді. Жеделсаты есігі ашылғанда, ол қадам жасаған. Сөйтіп шахтаға бір-ақ құлайды. Ол ара қараңғы болған. Алдымен есінен танып жатқан, одан кейін көмекке шақыра бастайды. Оны шахтадан алып шықты, таңқаларлық жағдайда аман қалды. Одан кейін бірден оған ауырсынуды басатын екпе салынған, сол кезде формадағы адам "ауруханаға шағымым жоқ" деген қағазды қол қою үшін оған бере қояды. Бұл қалай сонда? Есі кіресілі-шығасылысы кезде", - деді жәбірленушінің туысы.
Белгілі болғандай, шахтаға құлаған жәбірленуші ауыр жарақат алған: екі аяғы мен қолын сындырып, басын жарған.
"Бұл аудандық ауруханада болып тұрған мұндай бірінші жағдай емес. Науқастардың туыстары ауруханаға келеді. Жеделсаты шахтасына кез келген адам құлап кетуі мүмкін. Сынық, жарақат алдық, енді ол ұзақ қалпына келетін болады. Онсыз да ол үшінші топтағы мүгедек", - деп атап өтті туыстары.
Ер адамның туыстары осы немқұрайлылық үшін кінәлі адамдарды соттап, жазалауға ниетті.