Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан әйел адам көз жұмды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда 4 қазанда №58 жолаушылар автобусы мен Mitsubishi Space Wagon жеңіл көлігі соқтығысып, салдарынан әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Солтүстік айналма тас жолы – Бөкейханов көшелерінің қиылысында болды.

Екі көлік те айналма жолмен қатар жүрген. Автобус жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, оң жақ жолақпен жылжыған.

Солтүстік айналма тас жолына шығу кезінде Mitsubishi жүргізушісі оң жақ қатарға ауыспай, екінші қатардан бұрылады. Мұны күтпеген автобус жүргізушісі қапелімде не істерін білмей қалған, осылайша көліктердің соқтығысуға жол берілді. 

Соққы салдарынан жеңіл көлік бір бүйіріне аударыла құлады.

Апат салдарынан минивэннің артқы орындығында отырған келіншек (27 жаста) қаза тапты. 


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз