Қостанай облысындағы сұйытылған газ тапшылығына қатысты жергілікті орган үн қатты

Фото: Zakon.kz
16 қазанда энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәурен Асқаров өңірдегі сұйытылған газ бойынша жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шенеуніктің айтуынша, қазіргі уақытта облыстың барлық АГҚС-да газ қоры бар. Нақтырақ айтсақ, 460 тонна қорда бар болса, тағы 395 тонна тасымалдану үстінде. Бұл туралы "Наша газета" жергілікті басылымы жазды.

"Біздің облыста сұйытылған газ тапшылығы әдетте күзде және көктемде егін жинау және егу жұмыстары кезінде пайда болады". Дәурен Асқаров

Сурет: ng.kz

Ол сондай-ақ, осы айда аймақ CNPC-Ақтөбемұнайгаздан газ алатынын айтты. Алайда, қазір кәсіпорын сұйытылған газ өндіруде аздаған қиындықтарға тап болған.

"Олар бұл туралы газ-желілік ұйымдарымызға ескертті, келтірілген қолайсыздықтар үшін өтемақы алатын боламыз. Газ ешқайда қашып кетпейді, оны келісілген көлемде аламыз. Тек кестеден сәл кешігуіміз мүмкін, бірақ келісімшарттар ендігі жасалып қойылған. Орындалмаған жағдайда айыппұлдар салынады",- деп атап өтті ол.

Бұған дейін 23 млн теңгеге автокөлік сатып алған Қостанай әкімінің бұл қадамға не үшін барғандығын хабарладық.

Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі