23 млн теңгеге автокөлік сатып алған Қостанай әкімі бұл қадамға не үшін барғандығын түсіндірді
Сурет: Қостанай қаласы әкімдігі
14 қазанда Марат Жүндібаев Kia Sorento жаңа автокөлігін неліктен сатып алғандығын ашып айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сатып алынған отандық жаңа көлік тендер арқылы таңдалған. Бұл туралы облыс орталығының басшысы "Нашей газета" тілшісіне айтты.
Қала басшысының айтуынша, ол қалада жаяу жүре алмайды.
"Иә, көлікті мен қолданамын, себебі басқа амал жоқ. Менің ойымша, біз өзіміз шығаратын автокөлікті сатып алып, дұрыс істедік. Көлік әкім аппаратына тиесілі". Марат Жүндібаев
Сондай-ақ, ол мәслихат төрағасына депутаттардың сатып алынған көлікке қызығушылық танытқанына наразылығын білдірді. Оның айтуынша, жаңа көлік жұмыс істеу үшін қажетті құрал болып табылады.
"Көлік, ол қалам немесе компьютер сияқты керекті құрал. Бұл қалыпты баға. Егер мен Mercedes немесе Jeep сатып алсам, онда маған сұрақтар туындауы орынды еді. Мен мұнда айтарлықтай ештеңе көріп тұрғаным жоқ", — деді әкім.
Айта кетейік,13 қазанда Қостанай облысының бұрынғы әкімі Кенжебек Укин 85 жасына қараған шағында дүниеден озды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript