Энергетика министрлігі миллион теңгеге орындық сатып алғанын түсіндірді

Энергетика министрлігі миллион теңгеге орындық сатып алғанын түсіндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2023 15:26 Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 29 тамызда үкімет отырысында министрліктің неліктен 1 миллион теңгеге орындық сатып алғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алмасадам Сәтқалиев бұл сатып алудан сенсациялық ештеңе көрмейтінін айтты.

"Бұл жерде ненің соншалықты сенсация екенін білмеймін. Министрлік қызметкерлеріне 15 креслоны 1 миллионға сатып алдық. Орындығы бұзылғандарына алдық. Олар жай ғана ауыстырылды. Бір орындық 75 мың теңге болып шықты", - деді министр.

Энергетика министрінің айтуынша, министрліктің орындықтары кейінгі тоғыз жылда ауыстырылмаған және бұл сатып алу алдын ала жоспарланған.

"Бұл - жай ғана кәжеттік. Бұрынғысы істен шығып, алу кажет болды", - деп түйді Алмасадам Сәтқалиев.

12 қаңтарда Семейде мемлекеттік сатып алу құны 1 млрд теңгеге асыра бағаланғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: