Қостанай әкімі мұғалімдерді жұмысшы күші ретінде пайдалану туралы сөзіне қатысты түсініктеме берді

Қостанай әкімі, Марат Жүндібаев, ұстаздар, кезекшілік, ұсыныс, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 20:50 Сурет: gov.kz
Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев жазда су айдыны жағалауларындағы кезекшілікке мұғалімдерді тарту туралы өз ұсынысына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алау" басылымының мәліметінше, ол бұл ретте 121 педагог өз келісімін бергенін айтқан.

Марат Жүндібаев өзінің қайғылы жағдайдың алдын алу үшін су айдыны жағалауларында бақылауды күшейтуді, оған мұғалімдерді тартуды ұсынғанын жеткізді.

"Трагедия болғаннан кейін осындай идея туындады. Оның алдын алу үшін барлық әдісті қолданған жақсы. Енді "Педагог мәртебесі туралы" заңның бұл жерде бұзылмағанын атап өткім келеді. Себебі - әрбір мұғалім, педагог немесе білім беру қызметкері қосымша табыс табуға құқылы, яғни жазғы лагерьлерде, мектеп жанындағы лагерьлердегіде, сол сияқты мониторингтік топтарда жұмыс істеуге құқылы", - деді Жүндібаев.

Әкімнің айтуынша, бұл арадағы жұмыс жасөспірімдерді анықтау, сондай-ақ қайталанған бұзушылықтар анықталған жағдайда ата-аналарды жауапкершілікке тарту болып табылады.

"Біздің қандай да бір мұғалімге: "Болды, бітті, сен тегін жұмыс істейсің, демалысқа бармайсың" деп желкелеген кезіміз болды ма? Ондай бір де бір жағдай жоқ. Бізде жас мұғалімдер бар, қосымша ақша тапқысы келетін білім беру саласының қызметкерлері де бар. Бұл қалыпты жағдай. "Жүндібаев барлық мұғалімді өзен-көлге шығарып, күндіз-түні сол жерді аңдуға мәжбүрлемекші" деп мәселе көтеріліпті. Кімді мәжбүрлеппіз, кімді? 121 адамның өзі жазылды. Олардың кезекшілігі бүкіл жаз бойына бекітіліп қойылды", - деді қала басшысы.

Бұған дейін Қостанай қаласының әкімі педагогтарды жазда кезекшілікке шығару туралы ұсыныспен бөлісіп, басы дауға қалған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: