Жоғалған қаскелеңдік жігіт бір апта өткеннен кейін өзге ауылдан өлі күйінде табылды

Алматы облысының полициясы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тексеруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаскелеңдегі қайғылы оқиға жайлы әлеуметтік желілерден белгілі болды: ер адам өлі күйінде табылған. Оның жақындары жігіттің қасақана өлтірілгенін айтып, тергеу барысына наразылығын білдірді.

"Біз әділдікті талап етеміз! Кінәлілер лайықты жазаға тартылуы керек", — деді қайғыдан қан жұтып отырған туыстарының бірі.

Олардың пікірінше, полиция істің анық-қанығын білу үшін тиісті шаралар қабылдап отырған жоқ.

Алматы облысының прокуратурасы кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын (ҚК 99-бабы), тергеуді Қарасай ауданының прокуратурасы қадағалайтынын хабарлады.

"Күдікті адам ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Біз қайтыс болған адамның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз", – делінген қадағалау органының ақпаратында.

Өңірдің ПД мәліметінше, 16 қазанда Қарасай ауданы Шалқар ауылының шетінде 10 қазанда хабар-ошарсыз кеткен 26 жастағы ер адамның денесі зорлық-зомбылық өлім белгілерімен табылды.

"Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 22 жастағы күдіктіні көп ұзамай ұстап, қамауға алды",- деді полиция.

Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бұған дейін Алматы облысында бизнес бойынша серіктесін атып өлтірген айыпталушыға қатысты үкім шыққаны хабарланды.

Қазақстан Алматы облысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: