Түркістан облысында өткізу бекеттеріндегі көлік кептелісіне не түрткі болғаны белгілі болды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың 15 қазанында Түркістан облысында электр қосалқы станцияларында төтенше жағдай орын алып, салдарынан Мақтаарал және Келес аудандарында жарық сөнгенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, осы жайт "Атамекен" және "Б.Қонысбаев" кеден бекеттерінің жұмысына кері әсер тигізген.

"Электр энергиясы сөнгеннен сәттен кеден бекеттеріндегі байланыс нашар болып, бұл кедендік ресімдеуге және біріктірілген бақылау жүйесінің, оның ішінде электронды кезектің жұмысына кедергі келтірді. Бұл көліктердің екі бағытта да қозғалысының тоқтап қалуына және бақылау-өткізу бекеттерінің алдында көліктердің жинақталуына себеп болды", делінген 2024 жылы 18 қазандағы МКК хабарламасында.

Мемлекеттік кірістер комитеті жағдайды жедел шешу үшін біршама шаралар қабылдады.

"Басқа ауысымдардағы қызметкерлерді тарту арқылы бақылау-өткізу пункттері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. "Б. Қонысбаев" Кеден бекетінің екі бағыттағы өткізу қабілеттілігі 1000 бірлік екендігін ескере отырып, мәселе тез арада шешіледі деп күтеміз", делінген хабарламада.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты