Талғар уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен күдіктіге іздеу жарияланды

Фото: polisia.kz
Бүгін, 2024 жылғы 22 қазанда Талғар уақытша ұстау изоляторыннан қашып кеткен, зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азаматқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, қашқынды табу мақсатында "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блок-бекеттер қойылып, барлық күштер мен құралдар оны іздеуге және ұстауға бағытталғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды.

Қашқын туралы ақпаратты жергілікті Instagram парақшаның бірі жариялады.

Ақпаратқа сүйенсек, оған ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі ("зорлау") бойынша қылмыс жасады деп айып тағылып отыр. Бұлтартпау шарасы-қамауға алу.

"Белгілері: бойы-175-180 см, ірі денелі, шашы-қырқылған қара шашты. Үстінде: қара күртеше, қара қалпақ, қара спорттық костюм, қара кроссовка", — делінген бағдарда.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық полиция департаментіне жүгінді.

"Алматы облысы Полиция департаменті Уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен 30.05.1998 жылы туылған Бекарыс Сәбитұлы Қалмырзаевқа іздеу саламыз".Алматы облысы ПД

Іздеуде жүрген адамды көрген-білгендер болса, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлау сұралды:

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды