Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруда жаңа ережелер енгізілді

Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыру жүйесіне өзгерістер енгізуде. Бұдан былай жүргізуші куәлігіне үміткерлер екі факторлы аутентификациядан өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылғы 6 қарашада "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ мәлімдеді:

Үміткерлер емтихан тапсыруға жеке басын растағаннан кейін жіберіледі.

"Тестілеу басталар алдында қызметті алушыға 1414 нөмірінен дербес деректерге қол жеткізуге сұрау салатын хабарлама келіп түседі. SMS қолданушының электрондық үкімет порталының жеке кабинетіне тіркелген телефон нөміріне жіберіледі". "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

Сондай-ақ, мұндай жаңашылдықтың, түрлі алаяқтықтың алдын алу мақсатында енгізіліп отырғаны атап өтілді.

"Хабарламада өзіңіз екеніңізді дәлелдеу үшін растау кодын басасыз. Содан кейін бізде теория сыныбына кірген кезде қай компьютерге отыратыныңыз сол жерде белгілі болады. Екі факторлы растау жүйесі жол апатын азайтуға да септігін тигізуі тиіс, — деп атап өтті Алматыдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Асет Тұрғымбаев.

Жаңа бастама Астана қаласында 11 қазаннан бастап енгізіледі.

"Еліміздің мамандандырылған ХҚКО-да екі факторлы аутентификацияны жыл соңына дейін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Қазақстанда жаңа теміржол вокзалдары ашылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: