Өскеменде әйел адам биіктен секіріп кете жаздады

Сурет: unsplash
2 желтоқсанда 112 пультіне Өскемен қаласы Әл-Фараби көшесі бойындағы үйлердің бірінде әйел адамның терезеден секіргісі келетіндігі туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі оқиға орнына құтқарушылар шұғыл аттанғанын, ал суицидке бармақшы болған әйелдің 1955 жылғы екенін нақтылайды.


"Оқиға орнына дереу құтқарушылар, психолог Дина Тоқтарханова және жедел жәрдем қызметкерлері келді. Психолог тұрғынмен байланыс тауып, тыңдап, қолдау көрсетіп, шұғыл жағдайдың алдын алды. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында адам өмірі аман қалды", дейді төтеншеліктер. 

2024 жылы 8 қарашада Астанада ер адам көпірден мұздай суға секірген. Полицейлер дер кезінде байқап, оны жағаға аман-есен алып шықты.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі