Экологиясы күрт нашарлаған Өскеменде төрт адамға "тамақтың химиялық күйігі" диагнозы қойылған

Сурет: Zakon.kz/Кира Мороз
Өскемен қаласында дәрігерлер "тамақтың химиялық күйігі" диагнозын 4 науқасқа қойды. Қараша айынан бері қалада экологиялық жағдай күрт нашарлап тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жел соқпай, қайта-қайта қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, қала ішін түтін басты. Сол уақыттан бері дәрігерлерге қаралған науқастар қарасы көбейген. Қараша айында емханаларға барған халық саны 11 пайызға артса, желтоқсан басталғалы бері де тамағы ауырғандар саны азаймай тұр. ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір 4 адамға "тамақтың химиялық күйігі" диагнозы қойылған. Бұл диагноз былтыр көктемде енгізілгенімен сол уақыттан бері бірде-бір науқасқа қойылмаған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Медицина қызметкерлері осы клиникалық хаттаманы қолдануды үйреніп жатыр. Бұл диагноз мұрынмен тыныс алу қиындаса, тамақ ауырып, күйіп, құрғақ жөтел болса қойылуы мүмкін. Сонымен қатар науқас химиялық заттардың әсері бар жерде жүрген болуы керек. Яғни, дәрігер одан қай жерде, қанша уақыт жүргенін сұрайды", делінген ақпаратта. 

Бұған дейін Өскемен қаласында барлық орта мектепте екі аусым бойынша да сабақ онлайнға көшірілгені хабарланған

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды