"Салонда баласы ұйықтап жатқан". Алматылықты өз көлігі басып, мерт етті

Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 7 желтоқсанда Алматы тауларында қайғылы жол апаты болды. Салонында ұйықтап жатқан баласы бар, сықиып жүк тиелген ГАЗель өз жүргізушісін басып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Мұстафа Шоқай көшесі маңындағы тар жолдардың бірінде болған. Жергілікті тұрғын көлікпен үйіне қайтып бара жатқан, ал салонда ұйықтап жатқан бес жасар баласы да болған. 

"Тікке, биікке қарай көтерілу кезінде үйіне бірнеше ондаған метр жетпей, оның алдынан өзге көлік шығады. Жол тар болғандықтан, қос көліктің қатар өтуі қиын, сондықтан ер адам тоқтап, келе жатқан көлікке жол бермекші болады", - дейді Zakon.kz тілшісі оқиға орнынан.

Сурет: Zakon.kz

Жүк тиелген ГАЗель төмен ылдилап қоя бермесі үшін жүргізуші тежегіш тартқышын тартып, көліктен түседі. Сөйтіп артқы дөңгелектердің астына бірдеңе қоймақ болғанда ол үлгермей қалады. Көлік артқа жүріп кетіп, иесін басады. Бұл кезде келесі көлік бұрылмақ болғанда, бір жағына қарай аударылып қала жаздайды. 

Оқиға куәгерлері дәрігерлерді шақырып, баланы салоннан алып шыққан. Өкінішке қарай, 1988 жылғы ер адам өмірге сәйкес келмейтін алған жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігі келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды. 

Қазір жол апаты орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды