Жыл басынан бері Атырау облысында 727 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Фото: Zakon.kz
Бұл апаттардан 80 адам қаза тауып, 1015 азамат түрлі дәрежеде жарақат алды. Өкінішке орай, тас жолдарда орын алатын апаттардың барлығы дерлік адами факторға байланысты екені анықталды.

Жол апаттарына негізінен жүргізушілердің өз өміріне және өзгелердің қауіпсіздігіне жауапсыз қарауы себеп болып отыр. Көлікті шамадан тыс жылдамдықпен жүргізу, басқару барысында ұялы телефон пайдалану, маневр жасау ережелерін бұзу, балаларды арнайы қауіпсіздік құрылғысынсыз тасымалдау және басқа да Жол жүрісі қағидаларын сақтамау қайғылы жағдайларға әкелуде.

Әсіресе, қала мен аудан орталықтарындағы жүргізушілер жол апаттарына жиі себепкер болуда.

"Көпшілігіміз барар жерімізге жылдам жетуді әдетке айналдырып алдық. Бірақ сол асығыстықтың артында өміріміз бен денсаулығымызға төнген үлкен қауіп жатқанын ұғынбаймыз", – дейді құқық қорғау қызметкерлері.

Статистикаға жүгінсек, жаяу жүргіншілер өткелінде 294 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 17 адам қаза тапқан. Сонымен қатар мопедтер мен скутерлердің қатысуымен 39 оқиға, балаларға қатысты 262 апат тіркелген.

"Құрметті көлік жүргізушілері! Егер сіз жол апатына себепкер болып, адам өліміне әкеліп соқтырсаңыз, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылатыныңызды ескертеміз", – дейді полиция.

Атырау облысында жыл басынан бері тас жолдарда 155-тен астам апат тіркеліп, 54 адам қаза тапты, ал 202-ден астам азамат түрлі жарақат алды. Бұл қайғылы оқиғалардың бәрі жүргізушілердің жолаушылар өміріне салғырт қарауынан туындаған.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды