Қызылорда облысында қызметтік иттің көмегімен бір жылда 72 қылмыс ашылды

Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда облысында Елай қызметтік иттің көмегімен бір жылда 72 қылмыс ашылды, деп жазады Zakon.kz.

М-32 Шымкент – Самара тас жолының бойында Қызылорда облысы Жанақорған ауданының тұсында "Шеп" бекетіне кезекшілікке түскен, Қызылорда облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының инспектор-кинологі Пазылов Азамат күдік тұдырған Toyota автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында өзіне бекітілген Елай қызметтік-іздестіру итінің көмегімен автокөліктің жүк салғышынан жол сөмкесіне салынған 5 полиэтилен пакетке оралған есірткі заттары анықталды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, анықталған есірткі заттары жалпы салмағы 5173,16 гр кептірілген марихуана екені белгілі болды.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізілуде. Есірткі қылмысына қарсы күресте қызметтік-іздестіру иттері таптырмас көмекшіге айналды.

Жедел іс-шаралар барысында кинолог мамандармен қызметтік-іздестіру иттерін пайдалану арқылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыстық құқық бұзушылық деректері анықталып, жалпы салмағы 27 келі болатын есірткі заттары алынды. Қызылорда облысының полиция бөлімшелерінде 20 қызметтік-іздестіру иті бар.

Оның 12-і – облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында ұсталады. Едәуір бөлігі, 7 қызметтік-іздестіру иті есірткі заттарын іздестіру жұмыстарына оқытылған. Олардың ішінде белгиялық овчаркасы Елай – осы бағыттағы үздіктердің бірі. Елай қызметтік иттің көмегімен бір жылда 72 қылмыс ашылды.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады