Төртеуі жансақтау бөлімінде: Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қандай

Фото: Zakon.kz
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасы 27 желтоқсанда Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта алты науқас ауруханада емделуде.

"Олардың төртеуі реанимацияда. Науқастардың бірінің жағдайы өте ауыр. Қалған үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр. Екі науқас травматология бөлімінде ем алуда", — деп хабарлады аурухана.

Облыстық көпсалалы ауруханада емделіп жатқан алты пациенттің үшеуі Әзірбайжан азаматы, үшеуі Қырғызстан азаматы. Олар толық ем алады.

2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшырады. Ақтауда ұшақ апатынан аман қалғандар саны 29 адамды құрады. Ұшақта Қазақстан азаматтары да болды. Өкінішке орай, олардың ешқайсысы аман қалмады.

Қазақстан
Ақтау
Ақтауда ұшақ апатқа ұшырады

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз