Ақмолада полицейлер газдан уланып қалған жүргізушіні аман алып қалды

Фото: Zakon.kz
20 желтоқсанда Целиноград ауданының Қараөткел ауылында полиция қызметкерлерінің шұғыл әрекеттері арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды.

Кешкі сағат 21:40 шамасында 70-ші көше бойында орналасқан дүкеннің жанында жол жиегінде тұрған Lada Granta автокөлігін байқап қалған учаскелік инспектор Абылайхан Шалғымбаев әріптестері – Бауыржан Баденов және Бейімбет Алдашпен бірге көлікке жақындады.

Көліктің ішінде жүргізушінің ұйықтап жатқанын аңғарған тәртіп сақшылары салоннан шыққан көміртегі тотығының өткір иісін бірден сезді.

Оқиға орнында уақыт оздырмай әрекет еткен полицейлер көліктің барлық есіктерін ашып, ауаны желдетіп, жедел жәрдем шақырды.

Дәрігерлер келгенше жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Тексеру барысында көлік ішіндегі азаматтың бұл автокөлікті жалға алғаны анықталды.

Полицейлер көлік иесімен дереу байланысып, барлық қажетті мәліметтерді нақтылады.

Дәрігерлер келгеннен кейін зардап шегуші көліктен шығарылып, медициналық тексеру мен емдеуге жіберілді. Полицейлердің жылдам шешімі мен кәсіби әрекеттері адам өмірін аман алып қалды.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Әділет" партиясы AMANAT құрамына қосылады: партия съезі бірауыздан қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2024. Толық мәтін