Екатеринбург – Алматы тас жолының екі өңірдегі учаскелері жабылды

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл және Қарағанды облыстарында 30 желтоқсансанда кешкісін ауа райы күрт бұзылды. Осыған байланысты жолдарда шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылғы 30 желтоқсанда сағат 22:30-да Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург-Алматы" тас автожолының 2005-2214 шақырымы, яғни Алматы облысының шекарасынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралығында шектеу қою жоспарланған.

Шектеу автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына қатысты. 

2024 жылғы 31 желтоқсан сағат 03:00-де жолды ашу жоспарланған.

Бұған дейін 31 желтоқсанда Астанада, Шымкентте және еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды