"Қар, көктайғақ, тұман". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, 31 желтоқсан, дауылды ескерту, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2024 22:08 Сурет: pixabay
Синоптиктер 31 желтоқсанда Астана, Шымкентте және Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында аздап қатты қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. 1 қаңтарда түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 2 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, ал батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 23-28 м/с дейін жетеді. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. 1 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 2 қаңтарда бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Қарағандыда 31 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. 1 қаңтарда күндіз бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. 2 қаңтарда да бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

31 желтоқсанда Ұлытау облысының батысында, шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. 1 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында  соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 2 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігіндегі екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда 31 желтоқсанда тұман болады. 1 қаңтарда күндіз бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. 2 қаңтарда да бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда 1-2 қаңтарда бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың шығысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп болжанады. Қызылордада көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ  болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Абай облысында жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Астанада 31 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте, сол секілді Түркістанда да түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында  соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары оңтүстік елорда тұрғындарын алдағы 2025 жылдың алғашқы он күнінде қандай ауа-райы күтіп тұрғанын айтып берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: