"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 7 желтоқсан, дауылды ескерту, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2024 21:52 Сурет: pixabay
Синоптиктер 7 желтоқсанда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Ақтөбе облысының шығысында көктайғақ болады деп болжанады. 

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын жүреді, Жезқазғанда да жел ұйытқып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылорда да көктайғақ, тұман болады.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Қарағанды да жел ұйтқиды деп болжанады.   

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оралда да тұман болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Таразда күндіз кей уақыттарда көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. 

Түнде Атырау облысының оңтүстігінде, сондай-ақ орталығында көктайғақ болады. а 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.

Түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел ұйытқып, бұрқасын болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылғы 7-9 желтоқсан аралығында Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы қандай болатынын болжады. Осы демалыс күндері Астанада күн суытып, сынап бағаны 22 градусқа дейін төмендейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: