Алматыда сынап бағаны 13 градусқа дейін төмендеп, күннің күрт суытатыны болжанады

Ауа райы болжамы, Алматы, Астана, Шымкент, 7 желтоқсан, 8 желтоқсан, 9 желтоқсан, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2024 16:35 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2024 жылғы 7-9 желтоқсан аралығында Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райықандай болатынын болжады. Осы демалыс күндері Астанада күн суытып, сынап бағаны 22 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

7 желтоқсан: аспан бұлтты, аздап қар жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: -9...-11°С.

8 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз: -11-13°С.

9 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -20...-22°С, күндіз: -13...-15 °С.

Алматы

7 желтоқсан: аспан бұлтты, түнде аздап қар жауады. Желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4 °С, күндіз; +2...-4 °С.

8 желтоқсан: аспан бұлтты, қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: -3...-5 °С.

9 желтоқсан: аспан бұлтты, түнде қар жауады. Тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -11...-13 °С, күндіз: -5...-7°С.

Шымкент

7 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4 °С, күндіз: 0...-2 °С.

8 желтоқсан: аспан бұлтты, аздап қар жауады, көктайғақ, тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: -3...-5 °С.

9 желтоқсан: аспан бұлтты, түнде қар жауады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м / с. Ауа температурасы түнде: -9...-11°С., күндіз: -1...-3 °С.

Қазақстан бойынша алдағы демалыс күндерге қатысты ауа-райы болжамымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: