Алматыда ауа температурасы -5°С дейін төмендейді
Астана қаласының ауа райы болжамы
22 қараша: көшпелі бұлтты, түнде қар жауады, қар жауады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман. Күндіз жеңіл жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 3-5 градус аяз.
23 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 5-7 градус аяз.
24 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 2-4 градус аяз.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
22 қараша: бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдар көктайғақ. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
23 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
24 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
22 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 10-12 градус жылы.
23-24 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -1+1, күндіз 11-13 градус жылы.
Бұған дейін метеорологтар қарашаның 21-і мен 23-і аралығында елде тағы бір солтүстік-батыс циклон болады деп хабарлаған болатын. Қазақстандықтар қатты жаңбырға, қарға және екпінді желге дайын болуы керек.