Семейдегі өзенге көліктің құлауы: бір адам жүзіп шыққан, біреуі өлі күйінде табылды, екеуі іздестірілуде

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ құтқарушылары Семейде жолаушыларымен бірге суға құлап кеткен көлікті іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, таңғы сағат 06:00-де Семей қаласында, Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жеңіл автокөлікпен жүргізуші бетон қоршаумен соқтығысып, өзенге құлап кетті.

"Апат кезінде салонда 4 адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп шықты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ",- деп нақтылады ведомство.

Оқиға туралы хабарлама келіп түскеннен кейін бірден оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барып, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті. Сағат 09:00-де іздеу тобы бір қайтыс болған адамның денесін тауып, судан алып шықты.

Қазіргі уақытта құтқару операциясына жұмылдырылды:

"Операцияны күшейту үшін қосымша Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімнен ҚР ТЖМ әскери қызметшілері тартылды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысынан құтқару бөлімшелерінің келуі күтілуде. ТЖМ қызметтері іздестіру-құтқару жұмыстарын тиімді аяқтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдай отырып, оқиға орнында жұмысын жалғастыруда",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Абай облысында өзенге автокөліктің құлап кеткендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді