"Сенбеңіздер, қайтып келе жатырмыз алданып!". Алматылық жігіт Ресейде құлдыққа түсе жаздаған

Сурет: occrp.org
20 жастағы Рамазан Ресейдің Волгоград қаласына нәпақа табу үшін барып, құлдыққа түсе жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жігіт YouTube-те пайда болған жарнамаға сеніп қалғанын айтады. Ол бір апта бойы жақсы жұмыс істеп, бірақ содан кейін өзінің алданғанын түсінеді. Жігіт төлқұжатын кері ала алмаған, уәде етілген жалақы да жоқ. Оның айтуынша, бас бостандығына қауіп төніп, табыс табу туралы арманы қорқынышты түске айналған.

Полицейлердің арқасында ол төлқұжатын қайтарып алады, бірақ оған ешкім жалақы төлемеген. Содан кейін Рамазан жұмыс орнын тастап қашып кетеді. Түнде оны Ақтөбеге жұмыстарымен бара жатқан атыраулық жігіттер жол бойынан кезіктіреді.

Рамазанның түнгі құтқарушылары мобилограф пен блогер болып шығады. Сондықтан олар Рамазанға бірден қор ашып, оның Алматыға қайтуы үшін қажетті соманы тез жинап береді.

Рамазан өзі секілді жастарға интернеттегі хабарландыруларға иланып қалмауды ескертеді. Әсіресе, егер құс фабрикалары, ет комбинаттары және балық зауыттарындағы жұмыстарды ұсынып жатса.

Ресей
Ақтөбе
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады