Семейде полицейлік автокөлік КамАЗ-бен соқтығысты

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Семейде полицейлік автокөлік КамАЗ-бен жол апатына түсті. Облыстық Полиция департаментінің ақпаратынша, экипаж шұғыл шақыртуға бара жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 2025 жылғы 10 ақпанда орын алған.

"Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесінде патрульдеу барысында отбасылық жанжал жөніндегі шақыртуға бара жатқан кезде қызметтік көлік жүк көлігімен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетінен шыға отырып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген, соның салдарынан жол апаты орын алған". Абай облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталуда екені атап өтілді.

"Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салады",- деп қорытындылады ведомство.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда түн ортасында жол апаты болып, жаяу жүргіншінің оқиға орнында тіл тартпай кеткендігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі